Астындағы атын асықтырып, аяусыз тепкіледі. ~ Өз дүбірімізге өзіміз қыздық; əр қайсысымыз қыз алып қашып келе жатқандай, жау түсіріп қайтқандай желігіп, қараңғыда орды, жарды таңдамай, қос өкпеге тепкілеп, андағайлатып айдап келеміз. Ж.Айм. ~ Ждақай атын қос өкпеге тепкілеп есік алды боз жусанды домалақ төбеге қарай дүсірлете жеңеді. С.Ел. ~ Мейлі аспанға шапшысын, мейлі мөңкісін бірақ одан жығылар Тоқтар жоқ. Қайта біраз тулатып- тулатып алғаннан кейін қос өкпеге тепкілеп, әрлі- берлі ойқастата көсілтіп шабады, қамшыны да басады аямай. С.Мұр. ~ Бiрақ Ақтұйғынның ғұмыры бәрi бiр ұзақ болған жоқ. Екi өкпеге тепкiлеп күнара аудан мен ауылдың арасына шапқылаған Әубәкiр түбiне жетiп тынды. Т.Сәу.
