Екі жаққа бірдей болды. * Әбубәкір ақ пен қызылдың айқасы басталғаннан бері екі жаққа да сақ көзбен қарап, қос тізгінді тең ұстап отырған-ды. Б.Тоғ. * … Пышан жауласқан екі жақтың бір жағына құлай салмай, қос тізгінді тең ұстап отыр. Б.Тоғ. ~ Аранын ашқан Ресей мен Қытай сияқты екі аждаһаның арбауына алдырмай, тізгінді тең ұстап, қазақ елінің егемендігін сақтап қалған көреген саясат ұстаған кемеңгер Абылайға орнын кім басатыны енжар қарайтын мәселе емес – тін. С.Ақт. ~ Осы бір үш бағыт Комитет жұмысының бүкіл мазмұнын анықтағандай. Үшеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Бірінсіз бірінің күні жоқ, бірін-бірі толықтырып, байытып отырады. Тек тізгінді тең ұстау керек. К.Қаз.
