Әжуа, кекетпе сөз. ~ Көз алдына тәтті десе құныға тиісетін Цапаевтың семіз әукесі елестеп кетті. Қотыр сөзден басқада шаруасы жоқ немені соңыра бір қарқ қылсын да тастасын! Ә.Кек. ~ Бұл жерде қайын енемді жамандайын, қотыр сөзбен жүрегін тырнайын деп тұрғаным жоқ, шындығы сол – үлкен шаңырақтың ішкі-тысқы шығыны, жайылым өрісі, демалысы, дәм-тұзы, бәрі-бәрі сол кісінің мойнында екен. Д.Дос.
