Балшық не кірпіштен салынған аласа жаппа үй. ~ Дегенмен айдаладағы қотыр тамда соқа басыңыздың отырғанына қайранмын. Үлкен өмір, шулы қаладан неге соншалық қашасыз? Екі жастың біріне келген жоқсыз… О.Бөк.~ Көшенің басында тұрушы едіңдер ғой. Төбесін қара қағазбен жапқан, сылағы шұрық-тесік, аласа қотыр там. Т.Сәук. ~ Сылағы ойдым-ойдым түскен қотыр там. Анандайда аңғал-саңғал ұзын бел мал қора қалқаяды. Т.Сәук.
