Ұнатты, құптады, жөн санады. ~ Молда кітабына қарап отырып: – Иә, пісміллә рахман, рахим! Ауылыңды намазға жығып, нағыз құдайға берілген адам екеніңізді көрсетіп отырсыз. Соныңызды Алла тағала қош көріп, міне, қошқардай ұл сыйлады. М.Әбдіх. ~ Жас жігіт сонда да куні бүгінге дейін бас тартпай, қайсарлықпен өз ісін қош көріп, күнделікті тәжірибесінде іске асырып келеді. Қ.Ысқ. ~ Бейсенбай ақын қазіргі жұртқа мәлім, «жүрегінді жылататын» «Түсіпхан» қиссасын шығарады. Сол нұсқаны ұлы ақын мақұлдап: «Бейшараның аты енді өшпейді. Өзі көрмеген қызықты, жар ләззатын кіргізіп жан азабын, арманда кеткен ғұмырын әсерлі жырлапсың», – деп қош көріпті. Т.Жұрт.
