Мақтады, қолпаштады, сый-құрмет білдірді. ~ … келген адамға жердегілер жапырыла қошамет көрсетіп, жағалай көрісіп жатты. Ғ.Біл. ~ – Менiң есiмiм – Нұрлан. – Үй иесi екенiн аңғартып, бiр жағы қошамет көрсетiп, қолын бiрiншi созды. Ә.Ыб. ~ Сүліктей жарау ақ боз ат тізгінді тартар-тартпастан-ақ артқы аяғымен жер тіреп, алдыңғы аяғын аспанға атқанда жұрт ду етіп қошамет білдірді. Б.Тоғ. ~ – Кекілін қара-ей, өзінің, жаман әліне қарамай, – деп қағытып өтті Есікбай. Біз күлкіміз келмесе де оның сөзіне қошамет білдіріп сықылықтай күлдік. С.Мұр. ~ Ән біткен сайын дуылдасып, арқасынын қозбасы бар желөкпе немелер өңеші жыртылғанша айқайлап, қошамет жаудырып, азан-қазан болады да, жаңа бір ән басталғанда жаңағы у-шудың бәрі жым-жылас тыйылып, жұрт тағы да сілтідей тынып қалады. Ә.Кек. ~ Жеңімпаз халық разы боп осы жауапқа Тарады жайлап тараған селдей алапқа. Қошемет тұтып ойнайды күннің шұғыласы Айбалта, қылыш асынған қару-жараққа. Ғ.Қай. ~ Мұндай жылқышы қыдырлы малға кез болады ғой» деп қонақтар қошемет етті. Қымыз құйылды. Үй толды. Б.Майл.
