Ешкімі жоқ тұлдай жетім. ~ Бір қызығы жарысқа түсіп, жауларды аямай әшкерелеп жүрген екеуі де, интернатта жататын қу жетім Жарасбай мен Сейсембайдың өздері, жау болып кете жаздады. Т.Ахт. ~ Сонау бір жылдары ауданға барған атты ағайындардың ешқайсысы құлағынан тартып тұрғызғандай қу жетімдерді аттарының артына мінгестірмегенде, бұл солармен ұрсысып, өз атының сауырына қара тышқандай балалардың бұтын салаңдатып үшеуін салып келіп еді. Б.Қыд. ~ — Пәлі, мынау қу жетімек ортан қолдай азамат бопты ғой. Тфә, тфә, тіл аузымыз тасқа!— дер еді біреулері. Ә.Кек.
