Posted in

ҚУ СИРАҚ

Үйі-күйі жоқ, сіңірі шыққан кедей. ~ Тоқсанбай бабадан тараған төртеудің біреуі Жылтыр ата, одан Төлетай, одан Сұлтан деген ағамыз еді ғой. Шыр бітпеген қу сирақ кедей. Ш.Мұр. ~ Менің бастапқы ойым — жан-жағында менен басқа сүйеніші жоқ жалғыз қалған Жамалды бір жайлы жерге орналастыру еді ғой… Оның қатарлары — не үйі, не күйі жоқ қу сирақтар. Б.Тоғ. ~ Уездік қосшыкомның ағасы болып баяғы қу сирақ кедей пұшық Әбілдің баласы Құспан сайланды дегенде, бір ду қол шапалақтадық. Х.Ес.

  1. Қайда болса сонда шауып жүріп, күнін көретін жүрімпаз, ашқарақ. ~ Елші де бір маубас неме… Соңына ертіп келген қу сирақтарын ауыл-үйден тыйып ұстамас па! Қайдан тыйып ұстасын! Қайта оған керегі де, олардың сол жүріп-тұрғаны, естіп-білгені емес пе… Ә.Кек. ~ Осындайларға кеңсе басқартып қояды… Мұндай аяғы жерге тимейтін қу сирақтарды кеңсенің төңірегінен көш жер аулаң ұстар едім,— деп тістенді ол өз бөлмесіне кіріп бара жатып. Х.Ес. ~ Сосын да бұл заманда жұрт өз еңбегін өзі айтып кеуделерін соғып жүретін болған! Ал еңбегін сату жағынан мынау қу сирақ бұратаналардың алдына ешкім түсе алмайтын түрі бар. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *