Posted in

ҚУ СӨЗДЕН ҚУЫРДАҚ ҚУЫРДЫ

Тілі мен жағына сүйенген сөзуар, мылжың. ~ Жарбол шалға таңдана қарады. Іс-қимылы ширақы. Қу сөзден қуырдақ қуырып, зырылдайды. Онымен қоса «жетпіске келдім» дейді. Ж.Шәк. ~ Алшағыр қарағым, қол созымдасың, ешқайда қашпайсың. Алдымен алыстан ат шаршатып келген күйеу баланы сыйлайық. Қу сөзден қуырдақ қуырғанша ана шалға барсайшы. Қорада мұрнына су жетпей жүр. М.Қаб. ~ Кеше ғой қызға бардың. Қу сөзден қуырдақты қуырдың кеп, қуырдың. Қайдағы бір ғашық-машық өлімсіреген өлең оқыдың. Не болды, не тындырдың? М.Қаб.~ – Бұл өнер өpгe шығарар төзе білгенді, От жақ,— деп жырдан, Қасымдар кезегін берді. Құлындарымның тағдырын талапай еткен Қу сөзден қуырдақ қуырмай беземін енді… Ғ.Жай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *