Posted in

ҚУ ТАҚЫМ

Атқа жарымаған қу кедей. ~ Жақыпбек Шата деген рудан шыққан бір қу тақым еді. Бұл өзі бұрын да, соң да дәулетті кісі болма­ғанымен қу құйрық, түлкі мінез, пысық адам болған. Қолы хат-шот білетін, тілді ауызды қу табан болған сон Есім төре болыс болғанда екі сайлау старшын болып та түскен. І.Жанс. ~ Өзіңіз айтыңызшы, Құлеке, атсыз жігіт – қанатсыз қыран емес пе? Әй- әй, ғұмыр бойы бір ат маңдайға бітпей, тамсана – тамсана таңдай құрғап, қу тақым өтіп барамыз. С.Смат. ~ Әне, – деді Қалиасқар басын шайқап, – бұл жұрт қара жүнді қарғасын да мақтайды- ей? – Мақтамай қайтейін, ат құтаймас қу тақым біреулер тілдеп
жатса… Ә.Асқ. ~ – Өзіңіз айтыңызшы, Құлеке, атсыз жігіт – қанатсыз қыран емес пе? Әй-әй, ғұмыр бойы бір ат маңдайға бітпей, тамсана – тамсана таңдай құрғап, қу тақым өтіп барамыз. С.См.

  1. Аттың бабын білмейтін, астында ат құтаймайтын адам. ~ Албасты қуғандай тырқырауын!.. Бір жазда бірнеше аттың арқасын жеп тынды. Нағыз қу тақым! – деп меңгеруші күн астына сіңіп кеткен қойшысын қырыс қабақпен шығарып салды. Қ.Ысқ. ~ Ұста, ана қанды-шелекті. Ұрттаймын қанын, — деп екеуі тура жүгірді. Атына мініп алған қу тақым, Жақсыбай Жұманбайдың соңынан тура шаба жөнеледі. С.Бег.
  2. Әйелге жарымай жүрген еркек. ~ Жар құшағын аңсап ұйқысыраған жас келiншек жастықты жұмарлап аунап түскенде, жарты тәнi жарқ етiп ашық қалып едi, алдыңғы жақтағы әлдекiм: «паh шiрке-ен!» дедi елеуреп. Сол-ақ екен зал iшiн дарақы күлкi дар айырды: «Ой, қасқа-ай, өкпең түстi ғой уhiлеп. Түк көрмей қу тақым боп жүр ме едiң!» Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *