ҚУ ТІЗЕСІН ҚҰШАҚТАДЫ Үйлене алмай жүрген, Бойдақ қалпы күн кешКЕН, бала-шағасыз кісі туралы. * Жас келіншек тым ұзақ жападан-жалғыз тізесінқұшақтап жатқанда қандай түс көруі мүмкін? Қ.Ысқ. * «Қырыққа келдім. Қу тіземді құшақтап әлі жүрмін. Қ.Түм. * Бағынышты қызметкерін мысымен басқысы келе ме, жиырма жеті жасқа дейін қу тізесін құшақтап, үйленбеген Елтайдың сыры тереңде деп ұға ма, бәрін айт та, бірін айт, екеуінің жұмыс күні көбіне нақ осылай басталады. М.Қаб. * Сүйе де алмаспын. Ғұмыр бойы қу тіземді құшақтап, жападан жалғыз өтетін шығармын!.. Д.Рам.
