Posted in

ҚУ ШӨППЕН АУЗЫН СҮРТТІ

Жорта кедейленіп, түгі жоқтай көрінуге тырысты. ~ Жанымханнан анада қарызға ақша сұрағанымда, ойбой түк жоқ деп қу шөппен аузын сүртіп еді, ұялмағырдың енді істеп отырғанын көрдің бе? – деп бір күні апам ренжіді. Қ.Ысқ. ~ Жақсылы-жаманды өз жұртымызды, Береке бiз таппаспыз тойда мiнеп. Ауызыңды қу шөппен сүрте бермей, Азуыңды сөйлешi айға бiлеп. Айтыс. (Шырынбек). ~ Құйылған қаржы қайда кеттi десең, Қу шөппен сүртiп аузын шайып отыр. Құдайға ғана есеп беремiз деп, тура жауап беруден тайып отыр. Айтыс. (Айбек)

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *