Түсі бұзылды, өңі қашып, солғын тартты. ~ Үрлеп қойған шардай жирен беті кейде бұрынғыдан да гөрі нарттанын, жасыл әйнекті көзі жалт-жұлт етсе, кейде көз әйнегі көмескіленіп, өңі қу шүберектей бозара қалады. Ә.Сәр. ~ Кіші жүз азашыларына бөлінген қалың үйлердің шет жағындағы қоңырша үйде Әліпқали тістеніп, қиналып жатыр. Шаңырақтан түскен көмескі кешкі сәуле қу шүберектей бозарған қансыз өңіне түсіп, сұйылып барады. С.Жүн.* Дұрыс, – деп Тұмарбай сілейіп тұрып қалды. Шəкенжан да қу шүберектей болып кетті. Ж.Айм. * Сәл тыныштықтан кейін қарт бидің қу шүберектей ағарып кеткен өңіне қайта қан жүгіріп, кірпігі қимылдай бастады. Ғ.Біл.
