Есі шыға шаттанды. * Сол-ақ екен, Нұриша қастарын серпiп тастап, жүгiре басып, қапқа барды да, сыртқы нобайын байқай: – Бiлген адам дегендi қойсай, Жақа, мынауың бiр соғымдық дүние ғой! – дедi қуаныштан жарыла. Ш.Құмар. ~ Мұнда автор тарихи деректердің дәлдігі мен қайғыдан қара жамылған, қуаныштан жүрегі жарылған сәттерді көркем бейнелеуде қырағылық танытқанын өзі де сезсе керек. Ж.Шәк. ~ Қуаныштан жүрегі жарылғалы отырған шешемнің сөзін бөлгем жоқ. Бұл кісі не айтса – сол орындалуға тиіс. Б.Тоғ. ~ Қозбағарға матап берген елдің қармағынан құтылып Әзберген ағасына еріп түн жамылып қашқан күн қуаныштан жүрегі жарылғандай еді. С.Елу. * Осы күнге жетемін бе, жетпеймін бе деп ауру жүректі сүйретіп келгенде қуаныштан жарылсын дағы! Д.Дос. * Қайтып
оралғанша кім бар, кім жоқ. Балқияны көргенде, оның Еркінді әкелгенін естігенде Көжек қуаныштан жарылып кете жаздады. Осының өзін жақсылыққа жорып, «апырмай, жолым болар» деді ішінен. Т.Ахт. ~ «Апырау, осы қыз соныкі болмаса игі еді!» деп қуанған директор, Аграфена туралап айтса, қуаныштан жүрегі жарылып кетердей көріп, газеттегі мәліметпен оны қулығы араласқан еппен таныстырмақ болды. C.Мұқ.
