Posted in

ҚУДАН ҰШҚЫР, ҚҰЛАННАН ЖҮЙРІК (ҚУДАН ҚЫРАҒЫ, ҚҰЛАННАН ҰШҚЫР)

Қай жағынан да өзгеден алда д.м. ~ Ол адамның. қандай болса да әуеніне төңкеріліп жалпақтап, бауырына кіріп кетеді. Ол қажының қасында — шаруаның көзі, бала-шағаның қамқоры, әзірет жанына барса, құдайшыл, бірадар. Алқа-қотанды ақсақалдар арасында — қудан ұшқыр, құланнан жүйрік майталман. І.Жанс. ~ Жаһанша «қудан ұшқыр, құланнан жүйрік» зейінді, ойлаған шығар “Жұрт адамы бас болып, ақыл ауыздан, мерей көзден» дегендей, жұрттың мұң-мұқтажын сөйлесіп, бір жағадан бас, бір ауыздан бірлік шығарып, жақсы мәслихатта болып, ХХ-ғасырдың тарихында «Қазақ кеңесі» деп, жазылғандай бірінші болып қалар еді деп”. Нарманбет Орманбетұлы ~ Қазақтың ішінен де төңкеріс түсінігіне ие болған қудан қырағы, құланнан ұшқыр лениншілдер шығып, коммунистермен бірте қазақ шылбырынан ұстады. Сондықтан ежелгі жай жарыста қоғам жарысын дағдылы жолмен бір килігіп өтетін орта жолдағы капиталистік дәуірі дегенге қазақтың аты соқпай өтті. І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *