Posted in

ҚУҚЫЛ ТАРТТЫ

Өңі солды. ~ Қызарып солған қурайлар, бүрінен айырылған бұта- бүргендер қуқыл тартқан. Т.Рыск. ~ Ағасының қуқыл тартып әлсіреген үрейлі бейнесінен шошыды ма, әлде ойына басқа нәрсе түсіп кетті ме, оны ешкім білмеді. М.Әбд. ~ Тұршабай төсектен көзінің алды күлтеленіп, беті ісіңкіреп тұрды. Байқаса, жан сүйері Шәрбан да солай екен. Жақ еті суалып, өңі қуқыл тартқан. С.Шай. ~ Кешегі бір қуқыл тартқан жүзіне бүгін қызыл шырай ене бастапты. Қазір ғана алдына келіп отыра қалған жігіттің сақал, шашын жедел сыпыра тастап, кездігін алақанына жанып, асыға сөйлейді. Ә.Сәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *