Posted in

ҚУЛЫҚҚА БАСТЫ

Айла жасап, алдамақ болды. ~ Енді мен тағы бір қулыққа бастым. Әлгі «Пионер­ге» жіберген өлеңдерімді қайта көшірдім де, «Қазақстан­ пионері» газетіне айдадым. Мүмкін соларға ұнап қалар. Б.Соқ. ~ – Датыма құлақ асыңыз, сұлтан. – Қоңтайшы қулыққа басып, мәймөңкелей тіл қатты. – Міне, олжа бикелер! Арасынан қалағаныңды ал, қолыңнан қақпадым – сауға! Ә.Ыб. ~ Атам бір жаққа барарда — «Мен атамның қасқа құлынымын», — деп, басымды шұлғып-шұлғып жіберіп, тай болып кісінегенде атам айтатын: «Әй, менің қу құлыншағым-ай!» — деп ақыры ертіп кететін… сол қулыққа басқым келді. Қ.Мүб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *