Адам шошырлық мақұлық кейпінде көрінді; қорықты, зәресі қалмады. ~ Бұта -қараған, томар – түтіршік атаулы қыбырлап, көзіне әлдебір елес, құбыжықтай көрінді де, соңынан біреу өкшелеп келе жатқандай жөн – арқасы шымырлап шал жаман қайығына зорға жетті. Қ.Ысқ. ~ Түсінен де шықпайды әлгі. Махаббаты машахатқа ұласып, озбыр көкірекке телінгені ойын жолы боп қалды. Енді әлгі ғашықсымағы бұған түсінде құбыжықтай көрінетінді шығарды. Ө.Кәр. ~ Батып бара жатқан күннің қанды шапағы жөңкіле қашқан қалмақтар тобын күйкідей көрсетіп құбыжықтай елестетеді. С.Ғабб.
