Posted in

ҚҰДАЙ БЕТІН АУЛАҚ (ӘРІ) ҚЫЛСЫН

Әлдебір жамандықтан сақтасын. ~ Нұрлыбай мұны ойласа тұла бойы тітіркеніп салқын тердің қалай шыққанын да сезбей қалады. «Тек құдай бетін аулақ қылсын!» — дейді ішінен күбірлеп. Дегенмен бүл әшейін бір көңіл жұбату ғой. Б.Май. ~ Егер бұрынғы кез болса, түйнек болып өліп қалар еді. Құдай бетін аулақ қылсын,- деді өз сөзінен өзі шошып. Т.Әбд. ~ Екі ортада өзіңіз ауырып қаласыз. Құдай бетін аулақ қылсын, кейде мұндай науқас аяқ астынан көтеріліп кетсе, шатақ болады. Т.Сәу. ~ Сол қыстан кейін ғой, жазғытұры, алапат аштыққа ұрынғаны жұрттың. Түу, құдай бетін әрі қылсын, ашыққан халық өңіреңдеп таза мал болып кетеді екен. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *