Алла Тағаланың қайырына кенел д.м. бата. ~ Өстіп сөйлеп-сөйлеп алады да, «айналайын, құдай бетіңнен жарылқасын, мейлің, ана біздің үйде де бір малың тұр деп есептей бер, қаласаң қазір ал», — дейді. К.Қаз. ~ Балам, қыз болсаң да ұлдай қылып өсіріп едім. Өзің де маған ұлдан кем қызмет қылған жоқсың. Біздің күніміз бүгін бар, ертең жоқ. Құдай бет алдыңнан жарылқасын! —Омарбек бүк түсіп, қара сылқ отыра кетті. Б.Қыд. ~ – Е, онда маған айтудың кажеті канша еді? Өзіңнің дегеніңді істейсің де. Құдай бетіңнен жарылқасын қарағым деймін де. Ә.Нұрп. ~ Е, дұрыс онда, құдай бетіңнен жарылқасын. Азамат боп кетсең, бізге зияның тимес. Бірақ елді ұмытпа. Т.Әбд. ~ Өстіп сөйлеп-сөйлеп алады да, «айналайын, құдай бетіңнен жарылқасын, мейлің, ана біздің үйде де бір малың тұр деп есептей бер, қаласаң қазір ал», – дейді. К.Қаз. ~ ― Құдай бет алдыңнан жарылқасын, Мұхамеджан інім! – деді Әбубәкір бата бергендей. – Қайда барсаң да аман жүр… Б.Тоғ
