Тілеуін берді. ~ «Бұл байғұсқа қылмағаным бар ма еді? Төркініне апартып тастамақшы да болдым. Бүгін теңессе, құдай көз жасын иген шығар», — деп, тоқалды шақыртып татуласып қалатын. Өмірі ішінен кегі кетпейтін — мына кісі ғой. М.Әу. ~ Мен байғұс қашаннан ақ көйлекпін ғой. Сүйіншілеп жүремін ылғи. – Есей өңмендеді. – Үздіктірме. Сүйіншің дайын, – деп оған емекси карады. – Сенен емес, Данаштан сұрағалы. Құдай көз жасын иіп, қатын-баласы кеп жатыр… Ө.Кәр. ~ Ақырында шыдай алмай, Асқардың аяғын құшып, қанша тоқал алсаң да рұқсат, тек мені тастама, есігіңде күңің болып жүрейін деп жылаған. Мұнысы әшейін көз қылу емес, шыны еді. Құдай көз жасын көрді ме, содан кейін Салиқа мен Есімбекті көрді. Шаңыраққа береке кірді. Т.Әбд.
