Құдай сақтап қалды. ~ Тілі күрмеліңкіреп, сөзі аса анық естілмейді. Оқ бір жағының жартысын алып кетіпті. «О тоба, басын жұлып кете жаздапты ғой. Қайта құдай қаққан», – деп әйелдер еріндерін сылп-сылп еткізді. К.Қаз. ~ Боран мен жаңбырдай түтеген оқтың арасынан аман шыққан талайларды көрдім. Құдай қақса, оқ дегенін, де түк емес екен; сондықтан, жүдә ажалы жетіп тұрса амал қанша, әйтпесе көңіліме енді түк те қауып алмаймын, — дейтін болды. С.Мұқ. * Мен және бір домалап, шоқтың үстінен ары асып кеттім. Қазақшылап айтқанда, құдай қаққан, еш жерім күймеген. Б.Соқп.
