Posted in

ҚҰДАЙ ҚАРҒАҒАН

Жұртқа жексұрын болған адам, антұрған, сұмырай. * Бәрімізді жан-жаққа жөнелтіп жатыр. «Сен жассың, атқа мықтысың» деп мені құдай қарғаған осы ауылдарға жіберді. Б.Тоғ. ~ Бәрінен ұлы қайғы жанға батқан, Сардарды тас түрмеге жау қаматқан. Алдады арсыз, тексіз сұм азғындар Ант соққан, құдай қарғап, құран атқан. Ғ.Қай. ~ Тазының сыншыл назары өңменінен өтіп барады. «Оңған адам он бес жыл сенделе ме?! Сау сиырдың боғы емессің. Құдай қарғаған біреусің ғой тәрізі» дейтіндей ме. Ө.Кәр. ~ Жанақмет қызынып: – Құдай қарғаған қу шұнақтың жегені желкеңнен шықсын, – деді. Бауырсақ мұрын, сыпсың сақал, ұзын сарыдан ши шықты. С. Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *