ҚҰДАЙҒА ҚАРАҒАН Иманды, адамгершілігі бар. * Төлеген сияқты құдайға қараған біреуі болмаса, Балташтар, әне бір қыли көздер кез келгенде сәлем де бермейді. Ж.Айм. * … әлгі келгендері Құдайға қараған, жөн-жосықты білетін ұяты бар ақсақалдар еді, сөзге тоқтап … С.Жүн. * Ветеринардың кейбiр құдайға қарағаны болмаса, көбi жемсауы салбыраған пәле. Т.Сәу. * Әкең болса анау, мен болсам мынау, көзіміз тіріде құдайға қараған біреумен төс қағыстырып кетейін. Достың серті – ауыр, туған бауырыңнан кем болмайды». Н.Дәут.
