Posted in

ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚТЫ

Құдайға сенді, дін жолына түсті. ~ Баласы Қозыбайдың Тілеуберді, Алихан оның ұлын әркім көрді. Құдайдан қорыққан Арғын осал демес, Қарадан хан боп шыққан Қисық ер– ді. Біржан сал. ~ Алты айына қой, серкеш, көйлек, штан – Ақы деп осы емес пе бар бергенің? Шын Құдайдан қорықсаң иман іздеп, Жарлының бұл еңбегін неге жедің?! Ә.Тәң.

  1. Әлдебір жағымсыз іске баруға құдайдың жазасынан именді. ~ Сізге келіп, кешірім сұрамауға Құдайдан қорықтым. – Заңғар тобылғы сапты қамшысын екі бүктеп, өз етігін зілденіп, тартып жіберердей көтере берді де, сылқ еткізіп төмен түсірді. Б.Ыбыр. ~ Ажал күтіп алжып жатқанда, жарақатты ауырсынып ыңырануға құдайдан қорқып, астыңғы ернін тісі түскен малта иегімен қайзалай береді. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *