Тым мардымсып кетті, құдайын танымай кетті, кеудесіне нан пісті. ~ Кетсе қайда барар дейсің, қайтып келер ағайыны сен емессің бе?!. Құла жорғаға мінгенге Құдайды құлағынан ұстағандай болып!.. Қ.Ысқ. ~ Құдайды құлағынан бастым деп ойлады ма, сыйлы деген қонағы деп бүгін Әбдіжапарға табынышты сияқты көрінген; онсыз да зыр жүгірген Есенқұл мен қара торы келіншекті қолды – аяққа тұрғызбай қуалап, өз бойына сыймайтын кірпияздық жасап, дастарқанның сәніне де сын таға берді. Қ.Ысқ.
