Тағдырдың ауыр соққысына тап болды. ~ Түн түнерсе таң атпай қояды, күн көтерілсе, ымырт үйірілмей сарсаңға салады, құдайдың қарғысына ұшыраған түкпірдің әр сағаты айдан ұзақ. А.Смай. ~ Өзінен туған екі ұлы бір күнде қайтыс болғанын Есенейдің құдайдың қарғысына ұшырағаны деп сенді де Қанікей қосыла қарғайтын болды. Ғ.Мүс. ~ Жоқ!.. — деді Шақан. Даусы шығып кетті. — Мен… мен татымаймын! Көңілің көл екен, əке. Бірақ мен… мен — құдайдың қарғысына ұшыраған адаммын. Мен… мен тірі кісі емеспін, əке. Молам казылған, сүйегім көмілген. Айтқам өзіңізге. Енді жазмыштан озмыш жоқ. М.Мағ. ~ Жаратқан иесі беретінін ұқпайды бұлар, құдай атқандар! Құдайдың қарғысына ұшырайды, әлі… А.Алт. ~ Жабай (ақырып). Құдайдың қарғысы тиген жүзі қаралар!.. Не қып тұрсың?! Құдай-ау, мынаны көргенше, көр көзім неге шықпайды менің?! М.Әу.
