Бәрі де Жаратқан Иенің қалауымен болады д.м. Әдетте таңырқау, таң болу ретінде қолданылады. ~ Қанша ақылы дария
ғұлама бола берсін, адам зердесі жететін өре өлшеулі ғана. Ал, онан арғы дүние жұмбақ, құдырет ісі. Төбеңдегі көк зеңгір
аспан да құдайдың құдыреті. Ә.Нұрп. ~ Тұрсын, оңаша қалдырайын, ертеңгісін көрермін деп шешті. Құдайдың құдіреті, бұл
қанша отырды, кер бие қанша пысқырды, айғыр тіпті елең етпеді, басын бұрып бір қараған жоқ. Н.Дәу. ~ Осыны көрсем ит
жыным келеді, – деп қойды Жүмекең оның артынан. – құдайдың құдыреті, заманның қисық кезінде де дәм- тұзымыз
жараспап еді, түзу кезінде де екеуміз бір ауылға сыйыспай- ақ қойдық. Қ.Ысқ. ~ Дүрілдетіп той жасадық, отау үй болдық.
Құдайдың құдіреті, неге екенін өзім де білмеймін, Алшағырға ештеңе өзгермегендей хат жазып тұрдым. Қолдары сынып
қалған жоқ, мен жазған хатты басқа да жазады. М.Қаб.
