Posted in

ҚҰДАЙДЫҢ ҚҰТТЫ КҮНІ

Жиі-жиі, күн сайын. ~ Жер аударғанымен қоймай бытырап қонған жеке ауылдарды құдайдың құтты күні шабады. Б.Тоғ. * Жыл болғанда қандай – егін бітік шықты, мал семіз, жер шалғын, бай-саудагерлер де көңілді кеңге салып, құдайдың құтты күні бірін-бірі кезек-кезек қонаққа шақырып, той-думаннан аяқ алып жүре алмайсың. М.б.Т. * Тірліктің тініне назар салсаңыз, болымыңызды, бәсекеге қабілеттігіңізді құдайдың құтты күні тезге салуда. Нәсіліңізге, ұлтыңызға, жынысыңызға, тіпті жыныңызға да шаруасы жоқ, айнала-төңірек құмырсқаның илеуіндей. Ж.Аязб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *