Posted in

ҚҰДАЙЫ БЕРДІ

Тілегі орындалды, күткені болды. ~ Ымырт үйірілісімен аспан бетін сынасқан жұлдыздар басып, ертеңгі күннің тағы да аптап ыстық болатынын хабарлап жымыңдасады. Мұндай қараңғы түндерде балалардың құдайы береді: етектегі жыңғыл арасынан құшақ-құшақ құрғағын жинап алады да, шағылдың сайға құлар жеріне лаулатып от жағады. Ф.Оңғ. ~ … жұрт алдында май ұрлаған мысықтай жұмған аузын аша алмай, жүні жығылып отырған бастыққа жабылып, иттей талап жатса, мына жақта соған қыбы қанған қатындардың құдайы беріп, сол күні жұмысты қойып, хии-и-лап күліп жолы болады. Ә.Нұрп. ~ … жазбаларымның алғашқы беттері жариялана бастауы мұң екен, біреуі “ойбайлап”, біреуі “байбайлап”, әйтеуір аттанға айқай қосып әдеттенген біраз жұрттың құдайы беріп-ақ қалды. С.Им. ~ Жын қаққандай маған не болды? Тұра жөнелгенім не? Жігіттер ғой әңгіме қып, күліп жатыр. Ұрты қышып, ілік іздеп жүретін Ертұрлының енді әбден құдайы берді десейші… Иә, қосқа қайту керек. М.Сүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *