Иманы бар адам. ~ Қашқындардың жандары мұрындарының ұшына келiп, одан сайын өршелене ышқынды. Абұйыр болғанда, жүргiзушi бiр құдайына қараған адам екен, салонның iшi лықа толғанша тапжылмады. Ә.Ыб. ~ Пойызға мінгізіпті алып барып, Қараған құдайына бір қазақ шал, Түн екен, айы туған қорғалап сəл, «Қал, қал» – деп теңіз арттан айқайлапты. Ғ.Қай. ~ …Кешегі кеткен Майлыбай марқұм сияқты, ұзақ, сарылып жатқандарды да көрдік қой талай. Ондайда бала мен келін құдайына қараған жандар болса жақсы. Ал, болмаса ше?! Қ.Мұх.
