Posted in

ҚҰЗЫРЫНА ҚҰЛДЫҚ ҰРДЫ

Тағзым етті, бағынышты болды. ~ Құзырына құлдық ұрған ишара танытып, үшеуi құрдай жорғалады. Ә.Ыб. ~ Ал ол көңілге келсем, көңілім Сізге риза, бәріне қайылмын. Салт ат, сабау қамшыға мұрсата берсеңіз соған құзырыңызға құлдық ұрамын. Б.Қыд. ~ Төрт құбыласы тең, Дешті Қыпшақ жұрты иелігінде. Ешкім бетіне жел боп қарсы келмейді. Ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс. Құзырына құлдық ұрып, Көк Орда тұтасымен мінсіз мойынсұнған. Қазына мен дәулет шаш етектен. Қисапсыз. Ә.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *