Posted in

ҚҰЙ СЕН, ҚҰЙ СЕНБЕ

Сенсең де, сенбесең де өз еркің, бірақ айтқаным рас д.м. ~ Айсана! Құй сен, құй сенбе, сені көргеннен-ақ жүрегім аузыма тығылды. Бірі – шекер, бірі – бал, бірі – қайың, бірі – тал талай қарындастарды көріп жүрміз ғой. Ж.Аяз. * Менен күдіктеніп, бұл арадан сырғимын демеңдер,– деді Бүркітбай, жөнеле беріп қайта оралып,– құй сен, құй сенбе, Амантай. Менің көңілім тап осы жолы адал. С.Мұқ. ~ Қызымның қылығын маған сындырма қарағым. Құй сен, құй сенбе, менің арым – сенің алдында таза. Төрімнен көрім жақын адаммын. Осы ел басындағы, оның ішінде, сенің де ауыртпалығыңды ала кетсем, менен иманды ешкім болмас еді. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *