Жақсылыққа апармады, пәлеге ұрындырды; құрдымға батырды. ~ Өнердің кейде иесін өрге сүйрейтінімен қоса, бәзде асқақтатып, дандайсытып, құйға құлататыны да болады. С.Үс. ~ Бір сөзбен айтқанда, намысқа тыртысып. Осы намыс құрғырдың түбі құйға құлататынын кім білген, ақырғы рет көріп, қоштасайын деп бардым соңғы сәттердің бірінде. С.Үс. ~ Амалың қанша! Көпжасар да жігітің қайсы десе, мынау дегендей азамат еді. Ол өзінің құйға құлайтынын алдын ала аңғармаған шығар сорлы басы… Т.Рыск.
