Posted in

ҚҰЙДАЙ ӨТІРІК

Барып тұрған жалған сөз. ~ Құйдай өтірік. Қулығы қырық есекке жүк болатын әккі қыздардың жалт берерде табар амалдарының бір шегі болсашы! Қай жерлерінен шығады екен өзі! Көп бірге болып, шөге шүйіркелеспегеніммен, құрық
бойламас құдық сырларыңның шет-жағасын ептеп білетінмін. С.Үс. ~ “Əйелдің шашы ұзын ақылы қысқа”-дейді құйдай өтірік сөз! БАҚ. ~ Серәлінің жерлестері дүрсе қоя берді: — Құйдай өтірік пәлені сапырып, бәсе, сендер қайтпексіңдер осы?! Қ.Шаб. ~ Автор енді «тұжырым бойынша» деудің орнына «болжамдары бойынша» деген сөзді қолданады. Сонымен алдыңғы ұсынған бірнеше дерегінің ешбірінің көк тиындық құны қалмайды. Яғни, осыдан бұрын оқтай төндіріп, құстай қондырып
айтқандарының бәрі де құйдай өтірік болып шығады. Т. Әбенай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *