Қатты әсер етті, зәресін алды, сай-сүйегін сырықарты. ~ Есікті ырғап тартып еді. Ойбайлағандай, ішін тартып, ышқынғандай болып, қайраң етіп ашылды. Есіктің ойбайы құрғақ қазанды қырғандай шықырлай, құйқа тамырын шымырлатты. Ж.Айм. ~ «Күн күйді! Күн күйді! » десіп, жамандыққа жорып зарлаған әйелдердің үні құйқа тамырыңды шымырлатады. Б.Мом. ~ Miнe, міне, ей, ішіңді ұрайын, осы емес пе еді көңілімде сайраған. Тап үстінен түстің, бәсе, ай, серім-ай, адамның құйқа тамырын шымырлатар перісің бе, жынсың ба?!— деп қарқылдады Әлібек. С.Жүн. ~ Балқияның “ойбайы” ағарып атқан таңның құйқа тамырын шымырлатты. С.Елу.
