Бір айтқаннан ұғып, тіпті жаттап алатын зерделі адам. * Бір кеште ол «Сұрмергенді» айтып берді. Екінші кеште
«Сұрмергенді» асықпай қайталады. Момынқұл көкеме жаздырып отырды. Менің екі құлағым соларда болатын. Үшінші
естігенде мен өзіне айтып бергенімде: — Оу, Бауыржан-ау, өзің құйма құлақ екенсің ғой, шырағым, — деп Құлжабай
арқамнан қақты. Б.Мом. * Көрші ауылдағы сексеннен асқан Мошанбай қарттан ескі әңгіме тыңдау үшін арнайы жайлауға
барып бір күн ереуіл болып, құлақ құрышын қандырып қайтушы еді. Ондағы ойы құйма құлақ қариялардың ақиқатқа
бергісіз әңгімелерін жүйелеп кітап етіп құрастырсам деген асыл арманы болатын. Е.Бақ. ~ Сыртта, қара қазанда шымыр-
шымыр қайнаған жылқы етінің иісі абылайша үлкен қостың ішінде де аңқып тұр. Көпті көрген құйма құлақ әйел еркектердің
сөзін шашау жіберместен көңіліне тоқып болса керек: – Құтыбай, өлең айтшы, көңіл көтерші! -деді бір кезде,- сөзден іш
толды, құлақ сарсыды. Ғ.Мұс.
