Posted in

ҚҰЙРЫҚ-ЖАЛСЫЗ ЖАЛҒЫЗДЫҚ (ҚАЛДЫ)

Жанашыр ешкімі, еш жақыны жоқ адам туралы. ~ Үнемі болмағанмен, анда-санда, иә, басы ауырып, балтыры сыздағандай болғанда, өзінің құйрық-жалсыз жалғыздығы есіне түсіп, іштей мүжіліп, жүдеп жүруші еді. О.Бөк. * … тіршіліктің мынау қолындағы қамшының сабындай келте, сабындай жылпылдақтығын әрі ермен шөптей ащылығын ойлады ма, құйрық-жалсыз жалғыздығын енді ғана сезді ме… О.Бөк. * Ал мен ол жерде отыра алмаспын, ұрыны ат қып мінеді дейді ғой ол жерде, нағыз жайдақ мінер ат мен болармын, өзім де құйрық-жалсыз қалған сорлы едім. Қ.Төм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *