Сұлу, көрсе көз тойғандай жылқы малының сипаты. ~ Олардың мінгені құйрық-жалы төгілген кілең сәйгүлік, кигендері сусылдаған жібек пен жылтылдаған торқа болады. Кәріде қайғы, жаста уайым болмайды. Д.Әш. ~ Бір қорадан құйрық-жалы төгілген, басын шұлғып, екі көзі шоқша жайнаған тұлпарларды көрді. Бір қорадан қоспақ түйені көрді: екі өркеші кішігірім төбешік секілді. C.Осп.~ Құйрық-жалы төгілген тобылғы түсті тор биесін сағалдырығынан ұстап құдықтан суарып келе жатқанының өзі сурет сияқты да. Түпті түгендеп, текті екшейтін кез бе ол. C.Ақт. ~ Астындағы Ақтайқар Ақтұлпарға айналғандай. Құйрық-жалы төгiлiп, қос құлағын қайшылап, болат тұяғы жерге топ-топ тиiп, көсiле ұрып келедi. О.Елс.
