Жан сауғалап, беталды жөңкілу туралы. ~ Сенің қалың кедей халқынды ойлашы… Әйтеуір, ендалам, есіз шөлім кең деп үйтқып жүрсің әлі күн. Қүйын қуған қаңбақтай жөңкіліп жүргенің мынау!.. М.Әу. ~ Құйын қуған қаңбақтай ата жұрттан жөңкіле көшкен елдің сайда саны, құмда ізі қалмай қайда қаңғырыстап кетіп еді? Ен дала, иен шөлде пана болған- ау! Т.Рыс. ~ Шынымды айтсам, еш нәрсенің мәніне түсіне алар емеспін. Басым қатып жүр. Көкірегімді сыздатқан сарыуайым құйын қуған қаңбақтай домалатты да әкетті. Табан тіреп тоқтауға дәтім жетер емес». С.Ғабб.
