Осал тұстары бой көрсетті. ~ Ақыры октябрь айында Қызылжалауда тұратын Құрбанкүл Асанбаеваға үйленіп, бұл заңды некесін санағанда жетінші әйелі екен. Онымен де тайыншасы жараспай, құр құйысқаны босап, қырқылжыңы, кикілжіңі біліне бастапты. Б.Қыд. * Қазақ топырағында жаратылған данышпандарымыз бүгінімізбен келер уақытымызға да өз болжамдарын жасапты. Айтқандары келсін, дуалы ауыздарымыздың дені жақсылыққа жорыпты. Рас, көп дүниенің құйысқаны босап, көбесі сөгіліп келеді. Ы.Олж. * Қысқасы, күні бітіп, құйысқаны босаған кезде өтірік идеялар мен жасанды «құдайлардың» барлығы да қопарылып құлайды екен. Ы.Олж.
