Posted in

ҚҰЙЫСҚАНЫ КӨТЕРІЛДІ

Жолға дайындалды. ~ Əншейінде қалаға бармайтын ол, кете қалғанын көрдің бе? Былайғы күндері мылтықпен айдасаң да қалаға бармайтын адам. Не ғып, құйысқаны көтеріліп кеткенін қайдам? Оған қалада не бар екен десеңші?! К.Ерім. ~ Құйысқаны көтеріліп отырған ел сап басылып, ертеңгі айтқа дайындалып жатқан түні қарлы боран соқпайсың ба келіп. БАҚ. ~ Әрі кімдердің «құйысқаны көтеріліп» тұрғанын дөп басып айту да қиын, өйткені елдегі тіркелген саяси партиялар өз араларынан ортақ үміткерді келесі аптада өтетін кезектен тыс съездерінде таңдайды. Н.Ақпан. ~ Енді шегінерге жол жоқ. Алматыны артқа тастап, Астананы борандатып жүрген ағамның құйысқаны көтеріліп-ақ тұр. Бірде Алланың ақ жолымен, енді бірде Перуашевтің “Ақ жолымен” жүріп келе жатқан Арағам, енді Нарынқолға апаратын күре жолды көздеп жүр. Б.Сар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *