Posted in

ҚҰЛАҒЫ ТЫНШЫДЫ

Жайсыз сөз, өсек-аяңнан, ұрыс-керістен құтылды. * Оны да қойшы, осы кордонға көшіп келгелі, ауылдағы құрдастарының қыршаңқы қалжыңынан, күншіл күңкілінен құлағы тыншиын деді. Айтқали, әсіресе, сонысына риза. Ә.Асқ. * Бір жазда бар жиғанын сатып-суып дың қойып көшіп ізі сұйылды. Құлағы тыншып, кұлдыраңдап, орынбасарлық қызметті дөңгелетіп жүрген. Д.Досж. * Бұрын да өстіп аяқ астынан құбылып, артынша ойнақтаған ботадай құтырып шыға келетініне еті үйрене бастаған серіктері ештемені мәнзүр қылмай, қайта құлақтары тыншып қалғанына қуанысқан. О.Сәрс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *