Posted in

ҚҰЛАҒЫ ТЫНЫШ ТАПТЫ (БОЛДЫ)

Жайсыз әңгіме-өсектен, жағымсыз у-шудан арылды. ~ Дегенмен, сот кешті. Өлім жазасына бұйырған жоқ. Тек жазықтылар батальонына жіберумен тынды. Сәдулердің құлағы тыныш тапты. Б.Тоғ. ~ Мәмбет мырза гәптің неде екенін өзі сезіп, қатерлі ханның қасынан өзі безіп, Жәдік тұқымының панасына барып құлағы тыныш табар болса, Әбілқайырдың баяғыдан бергі еңбегінің бәрі зая кеткені. Ә.Кек. ~ Бірақ ақталудың қажеті қандай? Әттең, Ақбөпе Халелдің Жәлел үшін таяқ жегенін білсе?.. Не істеу керек? Бәрін тастап оқуға кету керек пе? Сонда құлағы тыныш болар еді. С.Жүн. ~ Ал енді ештеңе көрмей, естімей, айта қаларлықтай хабары болмай оралса, онысы да бірден белгілі. Онда құл-құтанның да, төлеңгіттердің де құлағы тыныш болады. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *