Posted in

ҚҰЛАҚ САРСЫТТЫ (САРСЫЛТТЫ)

Бір нәрсені қайталай-қайталай шаршатты, мезі қылды. Әбден мезі қылып, таптаурын сөз, әңгіме, кеп туралы.. * Дей береді, дей береді. Сабындай көпіршіген, құмдай су- сылдаған, желдей жұлқынған, дауылдай бұлқынған, жауындай себелеген, қардай бораған, өрттей өршеленген, судай сарқыраған сөз… сөз… Құлақты сарсытқан, жүректі лоблытқан, жүйкені кемірген сөз… сөз… Ғ.Қаб. * – Ғажайып адамдар, – деді бір кезде. – Иә, – деп қостадым мен, – жақсы кісілер. – “Ғажайып”. Жүрегіңді май ішкендей кілкітетін жылымшы сөз. Естіген құлақты сарсытады. Дж. Сэл. ~ Қағазыңа қара, бізді, мені қайтесің,– кемпір бұ сөздерді күніге, орта есеппен, үш мәрте қайталайтын. Ханшәйінің құлағын әбден сарсытып бітті. Ж.Нәж. ~ Шешесінің көңілінде бір нәрсе бар дегенді ойламайтын. Бірақ, құлағын сарсыта берген соң, елемеске амалы қалмады. Н.Сер. ~ Осы бір қаңқу сөз кұлағын сарсылтқалы қашан. Құлақ аспайын десе де мына қара албасты қойды ма. Ә.Нұрп. ~ Сол жолы алғаш рет әйеліңнің қашаннан бері құлақ сарсылтқан қыңқылы кеудеңе жетім күшіктей қыңсылап кірді де, шықпай жатып алды. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *