Ерекше ықылас қойып тыңдады, ынта қойды; аңысын аңдады; хабар күтті; ықыласын салып, әр сөзін аулап тыңдады. ~ «Қазақстан!» — деймін ішімнен әрбір қарпына көңіл құлағын тосып. Әрбір қарпы әндей естіледі. Ғ.Мүс. ~ Жапан далада екеуден екеу сыбырласу өрескел көрінсе де Сарыбала құлағын тосты. Қайнағасы айтып жатыр: Қыр елінде мал көп, шіріген бай. Олжаға қарық боласыңдар. Ғ.Мұст.~ Соған орай көшеде, жиын– тойларда әлдекім бұрын– соңды естімеген тосын ой, тосын пікір айтып қалмас па екен деп елеңдеп, үнемі құлағын тосып жүреді. Әзіл-қалжың, анекдоттарды да ерінбей– жалықпай тыңдайды. Қ.Жиен.
- Тың тыңдады. ~ Қази. Мақұл (құлағын тосады, азаншының сыбырын жаны түршіккен түрде тыңдайды). С.Мұқ. ~ Болашақ әңгемінің не жөнінде екенін білетін бала шағын жер үйдің екінші бөлмесіне кіріп, қасына Мәликені шақырып, құдалықтың ең қызу кезінде сықырлауық есіктің табалдырығына жатып алып құлағын тосқан. С.Жүн. ~ «Бұл пәле сыбағасын кейiнге дайындап, өтiрiк ұйықтап жатқан жоқ па?» деп әйелi жаққа күдiктене қарады, демiн iшiне тартып, құлағын тосты. Т.Сәу.
