Бір айтқанын қайта-қайта айтып, шаршатты. * Өзінше болған-толған кісі ғой. Қызылдар келісімен, сол салтанатты тұрмыстан жұрдай боп, шаштың ағында, өлер шағында «Ел тауып» осы қалаға келсе де, пәтер, отын, үй-сайманға жарымай, қызына пәлте, ұлына етік таба алмай, кәрі кемпірі күнде құлағын мұжушы еді. Ж.Айм. ~ Қыздары кетуімен, шешемнің «қайда жібердің балаларды?» деп жылап, күн сайын құлағын мүжуінен қажыды ма, әлде, көңілсіз үйде кесіпсіз жата беруге жалықты ма, «маталарды өткізем» дегенді сылтау ғып әкем кейде Түркстан жағына, кейде Орынбор жағына жолаушылады да жүрді. С.Мұқ. ~ Оның әңгімелері бұл маңайда талай айтылған, жұрт құлағын мезі қылған әңгімелері болса да, тыңдаушы жұрт біріне-бірі қарап, жымиып қойып, тағы да тыңдай берді. Ғ. Мүс.
