Posted in

ҚҰЛАҒЫН ҰСТАДЫ

Әлдебір жұмысты (қызметті) меңгерді, кәсіп қылды. * Үлкен-үлкен қызметтің құлағын ұстаған ері дүм мен дүмпудің арқасында осы алты бөлмелі даңғарадай қызыл қыш үйді салдырған. М.Қаб. * Алдыңғы жылы ауылшаруашылық көрмесіне Мәскеуге де барып қайттым. Қысқасы, ауданда трактордың құлағын ұстағандардан менен артығы болған жоқ. Т.Ахт. * Шапанның етегіндей гәзеттің құлағын ұстап отырған Нұрсүт мырза аудан деңгейінен жоғары шатаққа араласпайтын әдетінен жаңылмай, есектің құлағындай хатты Бас прокурордың кеңсесіне қарай домалатып жіберді. Ғ.Қаб. * Машинаның құлағын ұстағасын жол ережесін тағы бұзбай тұрмайсың. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *