Көңіл аудармады; тыңдамады; мән бермеді. * «Кейуана, соншама неге ерте шықтыңыз? Сіз күткен поездың келуіне әлі бір сағат бар», – деген кезекшінің сөзін құлағына ілмеді. Д.Досж. * – Қисығың малын қашан санаған екен? – Қосылудан бір апта бұрын санадым депті. – Е, онда Құйысқансыздан мал өндіре алмайды. Түстеп танымаған соң бұл күнгі жұрт сөзіңді құлағына ілмейді. Д.Досж. * Әкем ертеде берген уәдесін бұзбай, алысқан батадан аттағысы келмей, көпке дейін қызының қарсылығын құлағына да ілген жоқ. Б.Мом. * Бүгінгі жастар я болады, я болмайды деген тоқ-тоқ келте сөзбен өмір сүреді. Біздің ұзын сөзімізді құлағына іле бермейді. Д.Досж.
