Ұқпады, түсіне алмады, түйсігіне енбеді. ~ Сарай маңының өсегі Кіші ханымның құлағына кіріп те шықпайтын тәрізді; кемпірдің сөзімен шаруасы болмай, меңірейген күйі отыра береді. Ә.Кек. ~ Енді осы бір мінез кімде бар деп, соны таба алмай отырмын. Айғайлап, шуласып жатсаң да, құлағына кіріп шықпайтындай, оқыған кітабынан басын алмайтын біреуді білуші ем… Не, Шеген екен ғой! Ойбай-ау, мынау да Шеген ғой!.. Өзі ғой! Ғ.Мүс. ~ Сиырдың құлағына домбыра шерткендей бұл насихат қарақшының құлағына кіріп шықпайды. Ғ.Біл. ~ Ол осылайша толқып, өзінің қызып қалғанын сезбеген. Айнала отырғандардың сөздері құлағына кіріп-шыққан жоқ. Б.Тоғ. ~ Есі шығып кеткен. Айтқан сөз құлағына кірмейді. Тек, жұлқынып, бізге жалына береді… С.Сей. ~ — Бұнда нендей идея бар? — деп жауырынын қысты. Елеусіздің «идеялары» құлағына кірмеді. Т.Әл.
